Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Біздің тұңғыш Президентіміз» сценарий.
1- жүрг.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 -жүрг.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1- жүрг. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2- жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің арналан Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын. ҚР Гимні орындалсын.

2- жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры Тоқпанов Мейпам Саттарұлына беріледі.
1-жүрг. Келесі сөз кезегі мектеп президенті Жұмағұл Данагүлге беріледі.

2-жүрг. Келесі сөз кезегі кәсіподақ ұйымының төрағасы Омаров Абай Саркенұлына беріледі.
1-жүрг.:
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ән «Үш қоңыр» - 8-сынып оқушылары Райымбек пен Данагүлдің орындауында.

2-жүрг.:

Ең алдымен бізге қонаққа Есік қорғанынан табылған қазақ сценарий тарихының «алтын » куәгері Алтын адам келе жатқанын айтамыз.Қазіргі айтылатын мәліметтерге мән беріп отырыңыздар. Алтын адамның сұрақтары да сол туралы болады.

Елбасының  жүрген жолына саяхат жасау –ол әрине, балалық шағынан бастау алады.

1-жүрг.:

Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы туралы Диас пен Ерсұлтан баяндап береді.
1-оқушы.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.(1-слайд)

2-оқушы.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». (2-слайд)
1-оқушы.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдайды (3-слайд)
2-оқушы.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (4-слайд)

2-жүрг.: «Бала Нұрсұлтан қандай болған?» - 4-сынып оқушылары Аякөз және Мейірбек айтып береді.

1-жүрг.: «Мирастың арманы» көрінісін тамашалаңыздар (Даниял мен Мирас)
2-жүрг.:

Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
1-жүрг.:

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе сыныбымыздың оқушылары арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы, студенттік, қызметтегі кезеңдері туралы бірге білейік.

Көрініс қойылымы: «Оқушы-студент-қызметкер Сұлтан» -8 сынып оқушылары

Сыныпқа мұғалім кіреді.

Мұғалім: Бүгін біз Елбасымыздың өмір жолы мен қызметтері туралы сөз қозғаймыз. Өздеріңе қосымша дайындалуды тапсырғанмын. Кім қандай мәлімет жинастырды?

1-оқушы.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен метептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.

2-оқушы. Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

1-оқушы.Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.

2-оқушы.1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген.

3-оқушы.Еңбек жолын қайдан басталы?

2-оқушы.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1-оқушы. Сонда біздің елбасы темір балқытушы болған ба?

4-оқушы.Ия, дұрыс айтасың 1960—1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.

1-оқушы. Партком деген не?

4-оқушы.Партия мемлекет пен адамдарды бірлестіретін ұйым. Партком сол партиядағы жұмыс. Сол кезде жақсы жұмысшылар партия хатшылары болған. Ал анау, партия билеті. Түсінікті ме?

3-оқушы.Елбасымыз әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы  — Қазақ КСР президенті болды.

Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар, 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Бүгінгі сабақ жемісті болды, рахмет.

2-жүрг.:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

9-сынып қыздарының орындауында қазақ биін тамашалаңыздар.

1-жүрг.:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

2-жүрг.:Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.

3- сынып оқушыларының орындалуында «Астанаға саяхат» көрінісін тамашалаңыздар!

Оқушы 1: 
Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу.
Ұлт тағдырын ойлауымыз керек.
Ұлттық теңгеміз өз бабында.
Оқушы 2:
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын.
Екеуі: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.

1-жүрг.: Елбасымызға арналған өлеңдерді тамашалаңыздар (3, 5, 7, 8-сынып оқушылары)

2-жүрг.: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

1-жүрг.:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

6-сыныптың орындауында «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.                  

2-жүрг.:

Бүгінгі күн- береке! Бүгін үлкен -мереке! Мерекені жалғайтын 6- сынып оқушыларының «Қамажай» биі.

1-жүрг.:

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын» -, деп  мақтанатын ұрпақтармыз. Алтын Адам да бізге келіп жетті. Ендеше Қазақ елі жасасын!!!

«Жаса Қазақстан!» әніне құлақ салыңыздар. Орындайтын Қарақат, Құралай және Әрсен.

1, 2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


Источник: https://infourok.ru/tngish-prezident-merekesine-arnalan-scenariy-bizdi-tgish-prezidentimiz-643646.html

Рекомендуем посмотреть ещё:

Закрыть... [X]


Quot;Ала азастан" "Тыш Президент " кніне арналан флешмоб. Отопление С рождение ребенка поздравления своими словами Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий Т?ыш президент к?ніне арнал? ан т?рбие са? аты. Та? ырыбы: Т?уелсіз елді?
Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий Тыш Президент кні мерекесіне арналан сценарий - Сценарилер - Bilim
Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий Тыш Президент кніне орай жиын тті. Автомобили на видео
Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий Т?ыш президент к?ніне арнал? ан сценарий балаба? шада
Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий Тыш Президент кні мерекесіне арналан сценарий
Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий Сценарий жастар к?ніне арнал? ан сценарий
Т???ыш президент к?ніне арнал?ан сценарий М?дениет к?ніне арнал? ан сценарий
Glock 17 ВикипедияКлип из фото на день рождения из фотографий и видеоКонкурсы на природеОткрытки с 8 мартаПоздравления с первыми шагами ребенка в стихах
Источник: http://glavprazdnik5.ru/t-ysh-prezident-k-nine-arnal-an-scenariy/

Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть... [X]


Игры и конкурсы - Сделает праздник незабываемым Пожелание сладких любимой девушки ??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий??рылысшылар к?ніне арнал?ан сценарий
Источник: http://win-web.ru/rylysshylar-k-nine-arnal-an-scenariy/



Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть ... [X]

Т?ыш Президент к?ні мерекесіне арнал? ан тематикалы? саба? сценарий С днем рождения простые цветы

Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Аудан к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий